Нұрмахан МҰҚАНҰЛЫ: Шығармашылық адамы креативті болуға міндетті

–Нұрмахан, сенің шымкенттік екеніңді білгеніміз-бен, нақты туған жеріңнен хабарымыз аздау екен...
– Туған ауылым – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрбат ауылы. Шымкенттік, қазығұрттықпын дегеннен гөрі Тұрбаттанмын деген ұнайды. Өйткені, Тұрбат атауы құлаққа өзгеше естіледі. Көпшілік қыстыгүні әлеуметтік желідегі «статусына» «Дубайда, Гоадамын» деп жазып қояды ғой. Мен «Тұрбаттамын» деймін. Көбісі «Ол қай жақта? Пәкістанда ма?» деп қызығады.
– Мамандығың аудармашы екен. Медиа саласына қалай келдің?
–Ясауи атындағы халықаралық университетке түсуіме КВН әсер етті. Ол кезде «Көз тимесін» командасы премьер-лигада дүрілдеп тұрған еді. Сол жігіттермен бір университетте оқысам,